Адам өлтіру қылмысы үшін жаза күшейтіледі

44
түрме
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жазасы күшейтілетін қылмыс түрлерін атады.

Сенат қарауына енгізілген заң бойынша алдымен Қылмыстық кодекстің 272-бабы, 1-бөлігінде жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын 3 жылдан 5 жылға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған осындай әрекетке 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал қылмыстық топ құрамында жасалса, кінәлі адам 5-7 жылға сотталады.
Бұдан бөлек, адам өлтіру қылмысы үшін жаза күшейтіледі.
«Ерекше цинизммен және қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизмүшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін бермеу көзделіп отыр», – деді Ахметжанов сенаттың бүгінгі отырысында.
Қылмыстық кодекстің 146-бабына (Азаптау) «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекет үшін» құқық бұзушылықтың жаңа құрамы енгізіледі.
Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық салада жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтіледі.