Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару, абайсызда адам өліміне алып келді. Сотта анықталғандай, сотталушы Н. 2022 жылғы 17 желтоқсанда сағат 02.50 минут шамасында өз басқаруындағы жеңіл көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатып, Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы ережесінің» 2. 10 бөліктерін сақтамай, нәтижесінде жолдың сол жақ шетінен жаяу өтіп бара жатқан жаяу жүргінші С. байқаусызда қағып кеткен. Аталған жол-көлік оқиғасының салдарынан С. оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Созақ аудандық соты хабарлады.
Сотталушы Н. өзіне қатысты тағылған айыпты толықтай мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жеңілірек жаза тағайындауын сұраған.
Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен көлік құралын басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды кұшіне енген жоқ.