Көлікті масаң күйде басқарғаны үшін бас бостандығынан айырылды

91
Фото Батыс инфо

Қылмыстық құқық бұзушы Б.Б. Жетісай аудандық сотының 2021 жылғы 12 қазандағы үкімімен ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

Ал, азамат Б.Б. көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 2023 жылғы 5 наурызда түнгі сағат 2-лер шамасында, Жетісай қаласында өзінің автокөлігін медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сотталушының көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруға қатысты әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.
Қылмыстық іс сотта қаралып, істі қарау кезінде сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өзіне жеңілдететін мән-жайларды ескеріп жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы Б.Б. ға жаза тағайындарда қылмыстық жауаптылығы пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын ниетпен өкiнуін, жас балаларының болуы ескерілді, дегенмен әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және сотталған адамды түзеу, сондай-ақ, сотталған адамның және басқа адамдардың да осы тектес қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың алдын алу мақсатында соттың 30.05.2023 жылғы үкімімен бас бостандығанан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады.