300 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

84

Ағымдағы жылы Шымкент қалалық полиция басқармасы мамандары 333 жүргізушіні көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы қаулы шығарған. Оның ішінде 296 азамат әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші құқығынан айырылды.

Атап айтқанда, Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жолаққа өту немесе басып озу қағидаларын бұзу бабы бойынша 62 жүргізуші, сондай-179 азамат көлік құралын масаң күйде басқару бойынша жауапқа тартылған.

Ал қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 64 адамға қатысты жүргізуші құқығынан айыру туралы үкім шығарылды.

Иззат Миралиев