Шымкентке келген ҚР Ұлттық коллекторлар палатасының мамандары заманауи коллекторлық нарық қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Жалпы коллекторлардың міндеті – қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту. Алайда, көбінесе борышкерлер коллекторлармен байланысудан қашып, заңды бұзып жатады. Ал коллекторлар қалай әрекет етуі керек?
Неліктен коллекторлардан қорқудың қажеті жоқ және қызметкерлердің қандай әрекеттерге заңды құқығы бар? Бұл сауалға ҚР Ұлттық коллекторлар палатасының мамандары Шымкентте өткен семинарда жауап берді. Қызметкер мен борышкер арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы айыппұлға ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін.
Назгүл Естеусізова, Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасының төрайымы:
«Қаншалықты қоқан-лоқы көрсету, жалған ақпарат беріп борышкерлермен дөрекі сөйлескен жағдайда қандай салдар болады? Ертеңгі күні қылмыстық жауапкершілікке де тарытлуы мүмкін. Біз бүгін осы туралы түсіндіргіміз келеді. Сол үшін Шымкентте жұмыскерлерді жинап, 400 орынға арналған залда семинар өткізіп отырмыз».
Коллекторлар өз өкілеттіктерінен асыра пайдаланатын жағдайлар да бар. Мәселен, олардың борышкерге күніне үш реттен артық қоңырау шалуға құқығы жоқ. Әрі азаматтарға дөрекілік көрсетіп, қорқытып-бопсалауына және адастыруына болмайды.
Назгүл Естеусізова, Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасының төрайымы:
«Коллекторлардың міндеті – қазақстандықтардың жоғары қарыздық жүктемесін және экономикадағы несиелердің пайызын азайту. Алайда борышкерлер агенттіктер мен коллекторлардың қысымынан қорқып, көбінесе олармен байланысудан қорқады. Ал одан борышкердің өзі зардап шегеді. Жалпы біздің компанияда ең алдымен борышкерлермен мәдениетті түрде сөйлесу керек деп жазылған этикалық кодекс бар. Коллекторлар азаматтарға көмектесетін жан, сондықтан ол, дөрекілік танытып айқай салмауы керек».
Коллекторлар тарапынан заңсыздыққа тап болған қазақстандықтар үшін stop-collector.kz арнайы сайты бар. Бұл платформа борышкерлердің сұрақтарын тегін қабылдап, азаматтардың құқығын бұзған өндіріп алушыларды жауапқа тартуға және осы жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін табуға көмектеседі.
www.stop-collector.kz
Жедел желі нөмірі: +7 (707) 573 00 00