«Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады. Жол ақысы-70 теңге. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді.
Ұлыстың Ұлы күніне арналған “Great Qazaq Games” іс-шарасы Наурыздың 20-23 аралығында өтеді. Көліктер белгіленген аялдамалардан Ипподромға осы күндері қатынайтын болады.
Орталық стадион
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны — 8
Бағыты: Мәделі қожа, А.Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Бәйтереков, Қ.Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы;
Астана алаңы (әкімшілік-іскерлік орталығы)
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны — 7
Бағыты: Н. Назарбаев даңғылы, С.Бәйтереков, Қ. Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы;
•••
«Шымкент Сити» шағын ауданы
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны — 3
Бағыты: Алматы айналма жолы;
•••
«Тұран» шағын ауданы
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны – 1
Бағыты №7 көше, Алматы айналма жолы;
•••
Тұран-2» шағын ауданы
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны -1
Бағыты- №10 көше, Алматы айналма жолы;