Ұ.Арғынбеков көшесінде 4 бағытқа автобустар қатынауда

33

Бүгіннен бастап көлік қозғалысына ашылған Арғынбеков көшесінің бойымен 4 бағыт бойынша қоғамдық көліктер қайта ұйымдастырылды. Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы үш деңгейлі жолайрықтың құрылысына байланысты автобус маршруттарының қозғалыс кестесі уақытша баламалы көшелерге ауыстырылған болатын.

Қазір бұл аумақтан №92, №141, №146, №104 бағыттарға қоғамдық көліктер қатынауда.
Сонымен қатар, шілде айында оң жақ өткелдерінің құрылысын аяқтап, көлік қозғалысына ашу жоспарлануда.