Шымкентте 200 төсектік перинаталдық орталықты салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мегаполисте «Отбасылық және гендерлік саясатты дамыту, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыру» жобасы іске асырылып келеді.
Өткен жылы қалада ана өлімі көрсеткіші 15,6-ға дейін төмендеді. Ал ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы 4 репродукция орталығы арқылы іске асырылады.
Сондай-ақ жыл басынан бері мемлекет қолдауымен жұмыспен қамту шараларына 11 мыңнан астам адам қатысқан болса, оның жартысына жуығы қыз-келіншектер екен.