Бүгін «Керуен сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылу салтанаты басталды.
Іс-шарада концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар, интерактивті сұрақ-жауап пен түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ, мерекелік шарада әуе шарларының ұшырылуын тамашалауға мүмкіндік бар.
Өңір тұрғындары мен қонақтары мерекелік іс-шараны бүгін 15:00-20:00 аралығында «Керуен сарай» кешенінен тамашалай алады. Сағат 19:00-де салтанатты жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысады деп жоспарланып отыр.