Úı ANONS Туристік маусымның ашылу салтанаты өтеді

Туристік маусымның ашылу салтанаты өтеді

фото ТОӘБҚ
19 наурыз күні сағат 16:00-де “Керуен Сарай” кешенінде  “Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы” атты туристік маусымның ашылу салтанаты болады. Бұл ерекше кеште сіздерді керемет әсерге бөлейтін мазмұнды бағдарлама күтеді:
 Концерттік бағдарлама – танымал өнер жұлдыздарының көз тартарлық қойылымдары.
Ұлттық ойындар – қазақ халқының байырғы дәстүрлі ойындары.
 Көркем шоу – әсерлі көріністер мен ерекше қойылымдар.
 Қолөнершілер жәрмеңкесі – ұлттық нақыштағы бұйымдар мен шеберлер туындылары.
Сондай-ақ, Наурыз көже мен агрожәрмеңкесі, әуе шарлары мен әуе шоуы, көше безендірулері мен ерекше фотозоналар сіздерді күтеді!
Көктемнің ең жарқын кештерінің бірін салтанатты шарамен бірге қарсы алайық!
 Келіңіздер, тамаша кештің куәсі болыңыздар!