Түркістанда туристік маусым салтанатты түрде ашылды

27

Түркістанда туристік маусымның ашылу салтанаты өтті. Шара барысында келешекте ашылатын жаңа нысандар таныстырылды. Сонымен қатар ұлттық және интеллектуалдық ойындар ойнатылып, концерттік мереке ұйымдастырылды.

«Керуен сарай» кешенінде туристік маусымның ашылу салтанаты өтті. Өіңрде 1200-ден аса мәдени-тарихи орын бар. Тарихи ескерткіштерді дәріптейтін шарада қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жалпыхалықтық серуендер ұйымдастырылды.

Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толады. Осы аралықта өңірдің туристік аймағын дамыту үшін 300 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған. Ал облыс басшысы күнгей өңірді гүлдендіру үшін қажетті жұмыстар атқарылып жатқанына айтады.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «2021 жылы Түркістан қаласы түркі тілдес елдердің рухани астанасы деп белгіленді. Өздеріңіз білесіздер мемлекет басшысы өңірге жасаған сапарында Түркістан шаһары ерекше мәртебеге лайықты деп атап өтті. Түркістан қаласының рухани-тарихи орталыққа айналуына жұмыс жасап жатырмыз. Қазір тиісті құжат дайындалуда»

Ашылу салтанатына орай арнайы әуе шарлары ұшырылып, жергілікті өнерпаздар әсем ән мен тәтті күйден шашу шашты. Ал қаланың жандануына үлес қосқан жастар алғыс хаттармен марапатталды.