Жылу, суға тарифтер қалай реттелуде ?

92

Кеше қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне 4 мәселе ұсынылған болатын. Солардың бірі ағымдағы жағдайда  Шымкент қаласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері және тарифтерді ұстап тұру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Жылу, су, электр жарығы және табиғи газдың тарифтері тұтынушылар үшін маңызды екендігін ескеріп, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дархан Қайынбердиевтің баяндамасын толық нұсқада назарларыңызға ұсынамыз.

Шымкент қаласы бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – ТМС) тіркелімінде 80 қызмет түрі бойынша 63 ТМС енгізілген. Бұдан басқа, қоғамдық маңызы бар нарықтың 1 субъектісі бар. Реттелетін қызметтер: жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, су мен кәріз қызметтері, электр энергиясы мен газды тасымалдау және де кірме жолдар қызметтері.

Азық-түлік тауарлары бағасын, Лифт, қоқыс шығару, домофон, ВДГО, КСК және басқа да табиғи монополия саласына жатпайтын қызметтер Департаментпен реттелмейді.

Департамент 5 базалық ТМС қызметін реттейді («Су құбыры және канализация» МКК, «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС, «3-Энергоорталық» АҚ, «Қуатжылуорталық-3» МКК және «КазТрансГазАймак» АҚ ШӨФ). Қазіргі таңда барлығы Заң талабына сәйкес 5-жылдық тарифтері бекітіліп жұмыс жасауда.

2022 жылы Департаментпен барлығы 127 (оның ішінде ИБ-15) өтінімдер қаралды, оның ішінде 65 (ИБ-10) өтінім бойынша қараудан бас тартылды, 62 (ИБ-5) өтінім бойынша қаралып бекітілді.

Одан бөлек, табиғи монополия субъектілердің – 85 есептері қаралды (ТМС-дің 2021 жылғы тарифтік смета (73) мен инвест.бағдарламардың (12) орындалуы туралы есептеріне талдау жасалды).

Талдау қорытындысы бойынша Субъектілерімен тарифтік сметаларды орындалмауына байланысты монополистердің 37-қызметіне жалпы соммасы – 640,635 млн.тенгеге уақытша өтемдік тариф енгізілді (тарифтер төмендетілді). Тарифтің төмендеуі 0,66 % – 83,76% дейін құрады, олар бір жылдың ішінде қайтарылатын болады.

Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (бұдан әрі-ҚР ИИДМ) мен «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ-мен (бұдан әрі-ҚТЖ) бірлесіп әзірленген салалық қорытындысына сәйкес кірме жолдар қызметтерін ұсыну нарығы бойынша 1 км кірме жолдарды күтіп-ұстауға арналған нормативтік шығыны 729,24 мың теңгені құрады.

Осыған орай, Департаментпен кірме жолдар қызметтерін көрсететін Субъектілермен бірлесіп тарифтік сметадағы шығындар қайта қарастырылды.
Атқарылған жұмыс нәтижесінде Шымкент қ. кірме жолдар қызметін көрсететін 29 субъектінің тарифтері төмендітілді. Тарифтердің төмендеуі 3,87%-дан 96,29%-ды құрады.

Департамент «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп соңғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша (2021-2022 жылдар бойынша) орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметтерін пайдаланатын және жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып (есеп бойынша – 1,99 градус қаралған, нақты 4,6 градус құрады), жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізді. Шымкенте ауа-райы жылы болғандықтан жәнеде жүргізілген жұмыс нәтижесінде халыққа қаражатты қайтару сомасы 23,5 млн. теңгені құрады.

Жылыту маусымында есеп құралдары жоқ тұтынушыларға 1 шаршы метрге – 10,9 теңге қайтарылады. Мысалы, ауданы 60 шаршы м. болатын пәтерге жылыту бойынша қайта есептеу (қаражатты қайтару) 654 теңгені (60 шаршы м*10,9) құрайды.
Аныктама: 2018-2019жж. – 40 млн. теңге (тұтынушыларға 2019 жылдың қарашасында қайтарылды);

– 2019-2020 жж. – 25,8 млн. теңге (а.ж. шілде айында қайтарылды).

Департамент мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат (субсидия) негізінде, «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне тарифтер төмендетті.

Жергілікті атқарушы органмен «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне мемлекеттік бюджеттен шығындарды жабуға қаражаттар  бөлінген туралы анықталды. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, 2020-2022 жылдарға 2 356 239 000 теңге бөлінген.
Нәтижесінде, қолданыстағы тарифтен 4637,13 теңгеге немесе 41,35% төмендетіліп орташа босату тарифі 6577,70 теңге/Гкал ҚҚС-сыз құрады. (2023 жылға бекітілген орташа босату тарифі 11214,83 теңге/Гкал). Субъект Департамент шешімімен келіспей сотқа жүгінді. 1-инстанциядағы соттың шешімімен Департаменттің шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Қазіргі таңда апелляциялық сотта қаралуда.

Жыл сайынғы инфляцияға қарамастан (2018-5,4%, 2019-4,9%, 2020-7,5%, 2021-8,4%, 2022-20,4%, бес жылда 46,6 процент болды), Шымкент қаласында коммуналдық тарифтері деңгейі тұрақты деп айтсақ болады, Мысалы әр қызмет бойынша айтатын болсақ:

Жылу. 2018 жылы жылудың бағасы 1 шаршы метрге 142,3 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда жылудың бағасы 120 теңгеге дейін төмендетілді (-16%); Сотты жеңіп жатсақ тариф 1м2 қосымша 70 теңгеге төмендейтін болады.
Су және кәріз. 2018 жылы су мен кәріздің бағасы 1 м3 – 137 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі таңда бағасы 135,5 теңге. 2024 жылы 122 теңгеге дейін қосымша төмендетіледі (11%);

Табиғи газ
Департаментпен тек газды тасымалдау қызметі реттеледі, 2018 жылдаң бері атқарылған жұмыс арқасында тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетілді. Осының арқасында, соңғы тарифтерде төмендетілді. Мысалы 2018 жылы газдың бағасы 34,47 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында, қазіргі таңда газдың бағасы 32,64 теңгеге дейін төмендетілді (-5,3%);
Тарифтің баға құрылымын қарайтын болсақ – оны үш мемлекеттік орган бекітеді. Мысалы, газдың орташа бағасы 32 739 теңге құрайды, оның ішінде:
көтерме бағасын ҚР Энергетика министрлігі бекітеді, ол 80% құрайды немесе 26197 теңге;
газды тасымалдау тарифін Департамент бекітеді, ол 16% құрайды немесе 5174 теңге;
сату қосылымы (снабженческая надбавка) тарифін Комитет белгілейді, ол 4% қүрайды немесе 1368 теңге.

Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметінің көрсеткен кездегі бұзышылықтар, мысалы қарыз үшін өшіріп кетсе, келісім-шарт талабы бұзылған кезде, пломбасы бұзылған кезде, есеп құралдың тексеру мерзімі өткен себебімен КТГА салынған айыппұлдар бойынша тұтынушымен келіспей арызданған өтініштері Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қарайды. Мысалы, Газдың мәселесі бойынша Департаментке 104 өтініш келіп түсті, оның 13 қаралды, ал 91 өтініші (87%) құзыреті бойынша Бәсекелестікті қорғау Департаментіне жолданды.

Электр энергиясы Түркістан облысы бойынша Департаментпен реттеледі.

Департамент 2022 жылы 92 әкімшілік құқық бұзышылық істері қозғалды, Салынған айыппұлдардың жалпы соммасы – 84,6 млн теңге, оның ішінде өндіріп алынғаны – 80,8 млн. теңге, бұл 96% – ды құрайды. Қалғаны сот орындаушыларына өндіріп алу үшін жолданды.

Сондай-ақ, 2022 жылы Департаментпен 18 жоспардан тыс тексеру жүргізілді (10 КТГА, 5-ВРиМ, 2-КЖО, 1-ТЭЦ-3), оның ішінде 9 тексеру бойынша бұзушылықтар анықталды (5 КТГА, 1-ВРиМ, 2-КЖО, 1-ТЭЦ-3)

Сонымен қатар, Департаментпен 10 нұсқама (6-КТГА, 1-Женис-Т, 2-КЖО, 1-ТЭЦ-3) шығарылды (9 орындалды,1 сотта қаралуда).

Одан бөлек, Департаментпен 42 мемлекеттік қызмет көрсетілді (Регистрге кіру (6+) және шығу 22: (6+, 7-өзі қайтарып алды, 9-кері қайтарылды), лицензия-3 (1-берілді, 2- өзі қайтарып алды), мүлікпен іс-қимыл 12: (3-берілді, 9-кері қайтарылды) оның ішінде 16 қанағаттандырылды.

Е-өтініште 285 арыз тіркелді, оның ішінде 153-сі Департаментпен қаралып толық жауап берілді.

Тұтынушылармен кері байланыс бойынша:
11 Қоғамдық қабылдау онлайн өткізілді, (қабылдауда 22 сұрақ қойылды, 1180 адам жазбаны қарады).
Қосымша 57 азамат менің және орынбасарымнын жеке қабылдаумда болды.

Тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін:
15 жария тыңдау өткізілді;
7 өңірлік комиссия отырысы ұйымдастырылды;
5 пресс-тур өткізілді;
22 тікелей эфир өткізілді.

Департаментпен атқарылып жатқан жұмысы – республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында – 125 жариялым шықты, одан бөлек 487 – жариялым Комитеттің сайтында және Департаментің ресми Фейсбук парақшасында шықты.

Одан бөлек, қазіргі таңда Департаменттің құзыретіне кіретін жұмыстардың бәрі тек электрондық түрде көрсетіледі (мем.қызметтер, ТМС өтінімдер мен есептері, арыздар және т.б.).
Департамент бастауымен коммуналдық қызмет көрсететін ТМС-лері қосымша Телеграм-бот, Ватсап-бот ашып қызмет көрсетуде. Ол жерден түбіртекті алуға, ЕҚ көрсеткішін беруге, онлайн төлеуге, алдындағы төлемдерді және т.б. көруге болады.

Қазақстан бойынша тарифтерді салыстратын болсақ Шымкенттегі тарифтер ортанғы деңгейде деп айтуға болады, мысалы Электр энергиясы бойынша – 6 орында, жылу энергиясы бойынша – 7 орында, газ бойынша – 5-6 орында, су мен кәріз қызметтері бойынша – 8 орында.