Балық аулап, 6 жылға сотталды

102

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьерлер 6 жылға сотталды. Өткен жылы «Уылдырық» шарасы кезінде полицейлер Арыс өзенінде заңсыз балық аулау фактісін анықтаған еді.

Тәртіп сақшылары екі браконьерден қайық, электр қуатын күшейткіш құралдармен заңсыз ауланған 150-ге жуық балық тәркіледі. Оның ішінде 50-ге жуығы ҚР Қызыл кітабына енгізілген «Түркістан қаязы» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша тіркеліп, жинақталған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот қаулысымен заңсыз балық аулаған екі тұрғынға қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.