Жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 5 жайты сотқа жолданды

129

Тамыз айында ТО ПД-не қарасты Арыс АПБ-нің табиғатты қорғау полиция инспекторлары қоршаған ортаны ластап, зиян келтірген құқықбұзушыларды жауапқа тартып, бірқатар қылмыстардың алдын-алды.

Мәселен, тамыз айында Арыстық сақшылар балық аулап, табиғатқа зиян келтірген қылмыстық жайттың бірін анықтады. Табиғатты қорғау полиция инспекторы полиция капитаны Бағдат Алетбаевтың қырағылығымен заңсыз балық аулаушы қылмыс үстінде құрықталды.

Аталған жайт, Арыс АПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеуге алынып, ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің анықтауы бойынша ұсталған күдікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Табиғатты қорғау инспекторы күдіктіден 200 кг-нан астам мөңке, шамамен 1 кг көксерке және балық аулауға арналған тор тәркіледі. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жолданды.

Жалпы Арыс АПБ-нің табиғатты қорғау полиция инспекторлары жыл басынан бері заңсыз балық аулауға қатысты 5 жайтты анықтап, істердің барлығын сотқа жолдаған. Соның ішінде ең ірі көлемдегі тәркіленген балықтардың жалпы салмағы 750 кг-ды құрайды. Аталмыш жайт ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында орын алып, аудандық полиция қызметкерлерінің түнгі рейдік іс-шара жүргізуі барысында анықталған.

Бүгінгі таңда, заңсыз балық аулау қылмыстарының алдын-алу мен оларды болдырмау ТО ПД полицейлерінің жіті бақылауында тұр.

Облыстық департаменттің полицейлері тұрғындарға құқықбұзушылық әрекеттерін жасамауға шақырады. Полицейлер заңсыз балық аулау мен табиғатты қорғау заңнамасын бұзу аясындағы басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу мақсатындағы жедел алдын-алу мен рейдтік іс-шаралары әлі де жалғастыра береді. Тәртіп сақшылары тұрғындарға заңсыз балық аулаумен айналысу заңмен қудаланатынын ескертеді.

 

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі