Биыл көктемгі әскери науқанға Түркістан облысынан 2200 адам шақырылады

31

Көктемгі әскерге шақыру науқанында Түркістан облысынан 310 азамат әскерге жіберілді. Бұған дейін 31 азамат Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жолданса, енді 50-ге жуық әскерге шақырылушы Қонаев қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің десанттық шабуылдау бригадасына аттануға дайын.

Сонымен қатар, Кентау қаласында орналасқан облыстық жинақтау пунктінде арнайы комиссия мүшелері сарбаздармен кездесіп, жағдайларымен танысты. Олар әскерге шақырылушыларға абыройлы міндетті адал әрі жауапкершілікпен атқару керектігін жеткізді.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысы бойынша 2200 азаматты көктемгі әскери науқанға шақыру жоспарланған.