Шымкенттік жігітер отан алдындағы борышын өтеуге аттанды

31

Шымкенттік 25 жігіт отан алдындағы борышын өтеуге Алматы горнизонына аттанды. Олар бір жыл бойы «Райымбек батыр» атындағы десанттық-шабуылдау бригадасында әскери мамандық курсынан өтеді. Қызмет уақыты аяқталғаннан кейін жас сарбаздар өз қалауы бойынша әскери мансабын жалғастыра алады немесе басқа мамандықты таңдауға құқылы.

Ал оларға ЖОО-ға түсу тегін болады. Әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсіміне жігіттердің ата-анасы мен туыстарынан бөлек, сала ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Әбдіғабит Шегебаев, Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы: «Армия – әр жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әрбір ер адам қауіп төнген сәтте өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Сіздер алдағы қызмет жылында азаматтық өмірде де пайдалы болатын маңызды және пайдалы нәрселерді үйренеді деп сенемін. Ал сіздердің біреулеріңіз үшін бүгінгі күн өміріңіздегі басты қадам болуы мүмкін. Қызметтеріңізді абыроймен орындап 12 айдан кейін, осындай құрамда қайта кездесуімізді күтемін»

Айта кетсек, жалпы көктемгі жоспарға сәйкес Шымкенттен 1000-ға жуық жігітті әскерге шақыру көзделіп отыр.