Биыл Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі

25

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов  биыл  Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізілетінін хабарлады.

«Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін паркке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді», — деді А. Ыдырысов Сенатта  еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты өткен жиында.

Айтуынша, әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артып, билет арзандайтын болады.