Қазақстан мен Өзбекстан арасында әуе рейстерінің саны артады

30
Әуежайларда жанармай тапшы

Наурыздың соңына қарай «Ақтау-Үргеніш» бағыты іске қосылып, Нөкіске дейінгі жолаушы тасымалы аптасына екі мәрте орындалады. Еліміздің азаматтық авиация комитеті Ташкентте жауапты министрлікпен келіссөз жүргізді.

Тұрақты әуе рейстерін арттыру жөніндегі келіссөз бірнеше сағатқа созылды. Еліміз ашық аспан жүйесіне сай көршімізбен апта сайынғы әуе рейстері санын еселеуді ұсынып отыр. Қазір бұған сұраныс бар. Туристік маусым да таяды. Астана, Алматы, Ташкент сынды ірі қалалар арасында 21, ал шағын шаһарларға аптасына 7 рейс орындау көзделген.