Қазақстан мен Түркіменстан арасында тұрақты әуе рейстері ашылады

21
Әуежайларда жанармай тапшы

Биыл 26 наурыздан бастап Алматы – Ашхабад бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қайта жанданады. Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс аясында Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады.

«Осылайша, «Түрікменстан» әуе компаниясы 2023 жылғы 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр», – делінген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Рейстер Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен – сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Жолаушыларды «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелері тасымалдайды.
Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп санайды ИИДМ.