«Шымкент жастар лигасының» 3 кезеңі өтіп жатыр

39

«Шымкент жастар лигасы» жобасының 3 кезеңі өтіп жатыр. Лигаға қатысуға қаламыздағы 151 жалпы білім беру мекемесінен 536 команда өтініш тастаған.

Олар футбол, волейбол, баскетбол және шахмат ойындарынан өзара бақ сынайды. Жарысқа 8 569 оқушы қатысып жатыр. Ал Абай ауданынан 37 команда жасақталып, 773 оқушы қатысуда. Жоба мақсаты- мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыру.