Түркістандық волейболшылар мектеп лигасында топ жарды

162

Түркістан облысының волейболшы қыздары «Ұлттық мектеп лигасында» топ жарды. Спорттың 9 түрінен басталған жарыс еліміздің 10 қаласында өтуде. Ал онда 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары бақ сынауда.

Солардың бірі түркістандық – Қарақат Дүйсенбей. Ол өз командасымен осы жолы жеңіске жетті. Сөзінше, бәсеке оңай болмаған. Осыған қарамастан намысты қолдан бермедік деген ару бұл алтын медальдің алғашқысы ғана дейді.

Қарақат ДҮЙСЕНБАЙ, жарыс жеңімпазы: «Бас жүлдеге ие болдық. Бірінші орын алған кезде бәріміз қуанып, бүкіл эмоциямызды шығарып, жылап алдық. Бәріміз қуандық. Барлық команданы 2:0 есебімен ұтып… Бізді басында ешкім менсінбейтін еді. Сосын кейін барып-барып бәрін дәлелдеп, бәрін жеңіп, бәріне дәлелдеп шықтық».

Айта кетейік, республикалық спорт додасында топ жарған жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары қабылдады. Және алдағы уақытта қолдау көрсететіндерін жеткізді. Жалпы, мектеп оқушылары арасындағы жарыс волейболдан бөлек, футзал, гандбол, баскетбол, футбол, асық ату, бес асық, үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан өтуде.

Мейіржан МЫРЗАЛИЕВ, Түркістан облысы әкімінің орынбасары: «Міндетті түрде ары қарай осы спортты дамытып, кәсіби деңгейге шығаруға күш салу керек. Біз тек қолдаймыз. Бұл жеңіс – өңіріміздің жастарына үлкен үлгі. Алдағы сайыстарда жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер».