Шымкентте жас келіншек өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

4998
Қылмыс

Шымкентте 1994 жылы дүниеге келген әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді. Қанды оқиға Әл-Фараби ауданында болған.

29 жастағы әйел ер адамды өлтіріп қойғаны туралы полицияға бір күн өткен соң өзі хабарлаған.

Тергеу-жедел тобы анықтағандай, Айбергенов көшесіндегі пәтерде бірге тұратын ер адам мен әйелдің арасында тұрмыстық  жанжал туындаған. Ұрыс кезінде әйел еркектің кеудесіне ас үй пышақ тығып алған. 1992 жылы дүниеге келген ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған жайт Қылмыстық кодексің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.