Шымкенттің ең жоғарғы нүктесінде гүлдерден қазақтың ою-өрнегі бейнеленді

167

Шырайлы Шымкент  күннен күнге көркейіп келеді. Жасыл желекке оранған шаһар аумағында гүл  отырғызу қарқын алған.

Серуенге шықсаңыз мұқият болыңыз,  айнала қоршаған сұлулықты жіберіп алмаңыз.  Коммуналшылардың  ұтымды жобасы қаладағы ең жоғары нүкте  Т.Рысқұлов пен Д. Қонаев көшелерінің қиылысындағы

Хан Қорғаны жер алқабында гүлдерден жасалған қазақтың ою-өрнегін тамашалайсыздар.

Нұрғали Аққұлов, «Таза өлке» ЖШС агрономы: «Көлемі  500 шаршы метр жер алқабының  үштен бір бөлігінде 25 мың дана гүл отырғызып жатырмыз. Халқымыздың ою-өрнегі  біржылдық қызыл түсті «Сальвия» және ақ-жасыл түсті  «Қоян құлақ» (Цинерария) гүлдерінен құралады. Ортадағы гүлдердің жоғары жағында мавритандық жасыл газон, ал төменгі жағында спорттық газон жайғасады. Айдың соңына дейін жобаны аяқтаймыз».