Соңғы рет кімге, қашан гүл сыйладыңыз?

14

Соңғы рет кімге, қашан гүл сыйладыңыз? Сіз жақыныңызға себепсіз гүл сыйлайсыз ба? Осы сұрақты Шымкент тұрғындарына қойған тілші түрлі жауап тыңдады.

Соңғы рет кімге, қашан гүл сыйладыңыз? Сұраққа жауап берген тұрғындардың бірінің жауабы көңіл көншітерлік болса, енді бірінің жауабы таң қалдырды. Арасында соңғы рет әйеліне 20 жыл бұрын гүл сыйлағаны да болды.

– 20 жыл бұрын сыйладым
– Мен бастауыш сыныпта апайыма ғана сыйлаған едім
– Бұрында, 3-4 жыл бұрын анама сыйладым
– 16 қаңтарда бір қызға сыйладым, кім екенін айтпай-ақ қояйын
– Соңғы рет мен келіншегіме және анама гүл сыйладым. 31 желтоқсан күні. Негізі жиі сыйлап тұрамын. Гүл сыйлап тұру керек қой. Бұл – көңіл!

Гүлді кез келген жанға сыйлауыңызға болады. Ал күнделікті гүл сатып алатындардың көбі кімдер? Қыздар ма, әлде жігіттер ме?

«Қыздар мен жігіттер гүлді теңдей сатып алады. Қыздар көбіне әпкелеріне, жеңгелеріне, аналарына алады. Жігіттер де романтик енді. Олар да көптеп алып тұрады. Жігіттер көбіне тойға алады» ,- дейді гүл сатушы Аружан Қалдыбек.

Аружанның сөзінше оның жұмысы мереке күндері қызады.

Аружан Қалдыбек, гүл сатушы: «Жәй күндері туған күн, перзентханаға алады. Көбінесе гүлдер мереке уақытысында көп сатылады және жаз айларында. Ең көп гүл сатылатын кезең ол – 8 наурыз бен ғашықтар күні»

Ал, сіз соңғы рет кімге, қашан гүл сыйладыңыз? Өз жауабыңызды жазып кетіңіз!