Тұрғындар қаруларын тапсыруда…

68

ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап республика көлемінде «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу» акциясы өткізілуде.

Осы бағытта Ордабасы ауданында тәртіп сақшылары қарқынды жұмыстар атқаруда. Көпшілікке өз еркімен тіркелмеген қаруларды өткізген жағдайда сыйақы алуға болатындығы түсіндірілуде. Осы тұста бірнеше тұрғындар қаруларын табыстап, акцияға белсенді қатысуда.
Айта кететін жайт, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін, мемлекет қарудың әрқайсысына тиісті төлемін жасайды. Ал сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар ұсынған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.