Ұлағат және Жұлдыз шағынаудандары кәріз жүйесіне қосылады

42

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Онда атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.

Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігіне бүгінде инженерлік жүйелер тартылған. Жергілікті халықтың 94,5%-ы ауыз сумен, 98,3%-ы электр жарығымен, 90,7%-ы табиғи газбен қамтылған.

Аудандағы өзекті мәселенің бірі — кәріз жүйесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ұлағат шағынауданында басталған кәріз құрылысы жыл соңына дейін аяқталап, жүйелер толық іске қосылады. Жұлдыз тұрғын алабындағы 27 көпқабатты тұрғын үйді кәріз жүйесімен қамту мақсатындағы құрылыс жұмыстары да өндірістік кестеге сай жүргізілуде. Жоспарға сәйкес мамыр айында пәтерлерді абоненттеу жұмыстары басталады.

Қала, аудан әкімдері мен сала басшылары азаматтар тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап берді. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға халықтың талап-тілектерін дер кезінде орындап, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.