«Жұлдыз» индустриалды аймағында жаңа 42 жоба жүзеге асырылып жатыр

22

Шымкенттегі “Жұлдыз” индустриалды аймағында биыл 411 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, 5 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жалпы мұнда 2023-2026 жылдар аралығында 200 млрд. теңгеге 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын 50 жобаның пулы әзірленген.

Айта кетейік, 306 га аумақты қамтитын инсдустриялық аймақ 2021 жылы құрылған. Қазір мұнда машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласы бойынша инвестициялық құны 147,2 млрд. теңге құрайтын 42 жоба іске асырылуда.