Жұлдыз тұрғын алабында көптен күткен кәріз мәселесі шешімін тапты

Еңбекші ауданына қарасты «Жұлдыз» тұрғыналабында 7,1 шақырымдық кәріз жүйесінің құрылысы аяқталды.

Нәтижесінде 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Жоба бойынша магистралді құбыр 1740 абонентті кәріз жүйесімен қамтып отыр.

Құрылыстың аяқталуына орай, қала әкімі “Жұлдыз” тұрғыналабының қоғам белсенділерімен кездесті. Жиында мегаполис басшысына бірқатар маңызды сауал жолданып, тұрғындар жаңақұрылыс аймағын табиғи газбен қамтуды сұрады. Бүгінде көгілдір отынмен қамтуға байланысты арнайы жұмыстар жүргізіліп, газ тарту мақсатында жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр.