Жұмсақ балмұздақ жегіңіз келсе…

42

Жұмсақ балмұздақ жегіңіз келсе…

Көктем-жаз мезгілдері басталды дегенше, үлкен-кіші сүйіп жейтін жұмсақ балмұздақ сататын орындар қызметін бастайтыны  белгілі. Ыстық күнде мауқыңды басатын бұл асқа көпшілігіміз құмартып-ақ тұрамыз. Дегенмен, жұмсақ балмұздақ сатып аларда абай болған жөн. Өйткені, бірқатар санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, уланып қалуыңыз әбден мүмкін.

Жұмсақ балмұздақ фризерден   шыға салып дайын болады. Оның консистенциясы  нәзік,  крем тәрізді. Осындай  жұмсақ және дәмділігіне байланысты бұл балмұздақ мұздатылған балмұздаққа қарағанда жоғары  сұранысқа ие.

Жұмсақ балмұздақ тамақтану және сауда орындарында арнайы құрғақ қоспалардан жасалады. Өнімді дайындау үшін,  бір және екі целиндрлі арнайы конструкциялы фризерлер қолданылады.

Жұмсақ балмұздақты дайындауға және сатуға қойылатын санитариялық талаптар мынадай:

– Балмұздақты жасауға қажетті құрғақ қоспаларды қалпына келтіру үшін жаңа қайнатылған ауыз суын пайдалану қажет;
– Қалпына келтірілген қоспаларды сақтауға болмайды, сондықтан балмұздақ алдын ала дайындалмай, сатылар алдында дайындалу қажет;
– Дайындау барысында шикі жұмыртқа, шикі пастерленбеген сүтті пайдалануға жол берілмейді;
– Нысанның қызметінің басталуы туралы хабарламаның болуы тиіс;
– Нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайдың болуы тиіс;
– Қызметкерлердің санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі және жұмыс орнында медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшалары болуы тиіс;
– Жұмсақ балмұздақты тек дайындалған орында ғана сатуға жол беріледі;
– Өнімнің сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы қажет;

         Жұмсақ балмұздақ дайындап, сатумен айналысатын кәсіпкерлер назарына!

Шымкент қаласында 2018 жылы жұмсақ балмұздақтан жаппай улану жағдайы орын алып, көптеген адамдардың денсаулығына зиянын тигізді. Сол себепті, нысандарыңыздың жоғарыда көрсетілген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуын және бұзушылықтарға жол берілмеуін жіті қадағалау қажеттігін ескертеміз! Бұл – өте жауапты жағдай. Сонымен қатар, жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына,  пайдаланалуына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Жұмсақ балмұздақты көбіне балалар мен жасөспірімдер тұтынатынын және өнімнен улану жағдайы өлімге алып келуі мүмкін екендігін ескерте отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласымен мұндай нысандарға ерекше тәртіппен тексеру жүргізілмейтіндігін еске саламыз. Сондықтан, тұрғындардан жұмсақ балмұздақты тұтынар алдында аса сақ болуды сұраймыз, өйткені мұндай өнімдер тез бұзылады. Жұмсақ балмұздақ сатып аларда, нысанның санитариялық жағдайы сізге ұнамаса немесе күдік туғызса, өнімді сатып алудан бас тартқаныңыз жөн. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!

         Маңызды!

Жұмсақ балмұздақты тұтынғаннан кейін Сіздің денсаулығыңыз нашарлап, улану белгілері (асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, т.б.) пайда болған жағдайда, тез арада дәрігердің көмегіне жүгініңіз!

Шымкент қ. СЭБД басшысы Ә. Төлебаев