26 мамырдан бастап кейбір қазақстандықтардың есепшоты бұғатталады

140
Шымкент. Автокөліктер
Шымкент. Автокөліктер

Көлік салығын төлемегендердің есепшоты 26 мамырдан бастап бұғатталады. Мемлекеттік кірістер департаменті  осылай ескерту жасады. Ескертуді елемеген тұрғындардың көлігі тәркіленеді.

Қалың қарызды өндіру үшін сот орындаушылар борышкерді шетел асырмауға, көлігін айыппұл тұрағына апаруға құқылы. Банктегі есепшоттарын бұғаттап, басқа да мүлкіне тыйым салады. Тіпті әлгі қарыз көп адамның жүргізуші куәлігіне шейін шектеу қойылып, қамауға алуға қақы бар.
Бір ескеретін жайт сот орындаушылары көлік иесінен салыққа берешегімен бірге сол соманың 25 пайызы көлемінде қосымша ақы өндіріп алады. Сондықтан мамандар өсімпұлсыз уақытылы төлеуге кеңес береді. Айтуларынша, міндетті төлемнен қашқандар қатарында қозғалтқыш көлемі үлкен, қымбат көліктер де баршылық.