Көлік салығын төлеуге асығыңыз

34

Көлік салығын төлемеген болсаңыз, асығыңыз! 1 сәуірден кейін өсімпұл есептеледі. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары міндетті төлемді өтеуге шақырады. Кері жағдайда, сіз төлеуге міндеттелген өсімпұл қалтаңызға айтарлықтай салмақ салуы мүмкін.

Көлік құралдары бар азаматтар темір тұлпарларына салықты 1- сәуірде төлеуі тиіс. Оның мөлшері есептеліп жеке тұлғаларға хабарлама арқылы жолданған. Алайда, міндетті төлемдерді мерзімінде өтемейтін азаматтар жетеді,- дейді Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары.

Шолпан Балабаева, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы өндірістік төлемдер емес бөлімінің бас маманы: «Бір айлық есептік көрсеткіштен астам берешек сомалары бойынша хабарлама табыс етілген соң 30 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы  салық бұйрығы жіберіледі.  Бұл салық бұйрығы 5 жұмыс күні өткеннен кейін сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін беріледі».

Көлік салығынан қомақты қарыз жиналған жүргізушілерге қатысты қатаң шара көріледі. Сондықтан ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін міндетті төлемді мерзімінде өтеген жөн деп кеңес береді мамандар.

Шолпан Балабаева, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасындағы өндірістік төлемдер емес бөлімінің бас маманы: «40 АЕК-тен жоғары берешек болған жағдайда азаматқа Қазақстаннан кетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл ретте, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа шоттарға тыйым салу және шығуға шектеу қоюдан туындаған қойлайсыздықтар туралы айтпағанда, салық берешегі сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша төлемді өндіріп алады.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберіледі. Мемлекет басшысының Шымкент қаласының дамуына қатысты тапсырмалары жергілікті жерде жоғары деңгейде орындалуда. Үшінші мегаполисте бюджеттік тапсырмалар уақытысында жүзеге асырылып жатыр.

Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.