70 жасқа толған қарияның туған күніне сыныптастары күтпеген тосын сый жасады

7433

70 жасқа толған ақсақалдың мерейтойына келген сыныптастары күтпеген тосын сый жасады. Бұл сәттің видеосын той иесінің балдызы ТікТок парақшасында жариялады.

«Жездемнің сыныптастары 70 жасына тосын сый жасады» деп жазды автор.

Бейнежазбадан туған күн иесінің сыныптастары тойға КСРО кезіндегі мектеп формасын киіп келгенін көруге болады. Сыныптағы нәзік жандылар тіпті ақ бантик тағып алған. Жұп-жұп болып, қол ұстасып тойхана кіріп келген олар қонақтарды таң қалдырды. Кейіннен бірлігі жарасқан сыныптастар  ортаға шығып вальс билейді.

Ерекше тойдың еліміздің қай өңірінде өткені белгісіз. Дегенмен автордың мәліметінше, 70 жылдық мерейтой сенбі күні өткен. Туған күн иесі спорт ардагері екен. Соның құрметіне күндіз турнир ұйымдастырылып, кеш тойға ұласқан.

Видеоны көрген желі қолданушылары қарияның сыныптастарына риза болды.

«Мектептегі кезді еске алу деген керемет қой. Қандай бақытты шақ еді. Уақыт қалай зымырап өтеді, тек жақсы кездер есте қалады», «Бізге де жұғысты болсын», «Алла бәрімізді осы күнге жеткізсін», «Бізге де осы кісілердің жолын берсін. Құдай қаласа біз де осылай кездесейік», «Не деген тосын сый. Көңілім босап, көзіме жас келді ғой», «Өздері әрең жүргенде мектеп формасын айтыңыз. Аман-есен жүре беріңіздер». «Қандай керемет ұйымдастырған» деп жазды желі қолданушылары.