“Акушерлердің алтын минуты» атты флешмоб өткізілді

74

 

Бүгін Халықаралық акушерлер күні. Мереке орай, Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Шымкенттегі босану үйлерінде бір мезетте “Акушерлердің алтын минуты»атты мерекеге орайластырылған флешмоб өткізілді.

Акушер мамандардың жұмысы аса қажет.Олар тек медициналық манипуляцияларды жүргізуде ғана емес, сонымен қатар әйелдерді босануға дайындауда, нәрестенің дүниеге келуіне көмектесуде, алғашқы минуттардан бастап сәбиге күтім жасауда дәрігерлердің бірінші көмекшілері.

Айта кетейік, қала бойынша перинаталдық орталық, қалалық перзентхана, №2 қалалық аурухананың құрамында перзентхана және №3 қалалық ауруханада перзентхана бар.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында босандыру қызметінде 501 акушерка жұмыс істейді, оның ішінде 334 акушерка стационарларда, ал 167-сі емханаларда жұмыс істейді. Ал 2022 жылы Шымкент қаласында 30764 әйел босанған.