Кез — келген азамат үй салу үшін 10 соттық тегін жер ала алады

386
Жер учаскесі

Қазақстанда кәмелет жасқа толған кез — келген азамат үй салу үшін 10 соттық тегін жер алуға құқылы. Ол үшін ауыл, аудан немесе қала әкімдігіне арыз жазу керек, не болмаса, eGov.kz порталы арқылы жер кезегіне тұруға болады.

Жер туралы кодекстің 50-бабына сәйкес, жер учаскелерін ақысыз түрде алуға болады. Заңда жердің көлемі де белгіленген. Ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін. Суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га; жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га; Көгалдандыру, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін 0,12 га.

Жеке қосалқы шаруашылық және жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін жеке меншікке өтеусіз беру жер игерілгеннен кейін жүзеге асырылады. Ауылдық елді мекендерде ақысыз жер учаскелері бір массивте беріледі. Ал көгалдандыруға арналған жер учаскелері уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы негізінде 1 гектардан аспайтын мөлшерде таратылады.