Жер телімі 3 жылға жалға беріледі. Игерілмейінше жеке меншікке өтпейді

86

Заң бойынша жер телімі жеке тұрғын үй салуға тегін беріледі. Осы айдың басында электронды Үкімет арқылы онлайн кезекке тұру ресми түрде іске қосылды.Жеке тұрғын үй құрылысына арналған 10 сотық жерді 18 жасқа толған Қазақстанның кез келген азаматы ала алады.

Инфрақұрылымы бар жер телімін жергілікті әкімдіктер береді. Яғни, ол жерде жарығы, суы, әлеуметтік нысандары болуы тиіс. Бұл ретте қаланың немесе елді мекеннің бас жоспары міндетті түрде ескеріледі.

Дәулет Бижанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы:»Беріліп жатқан жер учаскесі Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, 3 жылға жалға беріледі. Ол жер игерілмейінше жеке меншікке өтпейді. Сондықтан, оны басқа азаматқа беру, сатып жіберу мүмкін емес. Игерілмеген жағдайда жергілікті әкімдіктерде жер инспекциялары бар. Олар 94-бабқа сәйкес, сотқа талап-арыз беру арқылы алып қоя алады».

Шынар Оразова