Мемлекеттік бағдарлама арқылы ақша әперем деп алдаған…

45

Алаяқтардың құрбаны болудың алдын-алу мақсатында Келес ауданының прокуратурасының бастамасымен, жергілікті атқарушылық органдары халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіп, хаттамалық шешімдер бекітіліп, әкімдік, дербес бөлім қызметкерлері арасында «Алаяқ» санатындағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында жиындар өткізіліп, ауылдық округтерінің кірберіс жеріне билборттар ілініп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Дегенмен 2023 жылы алаяқтық қылмыстар – 38,5% (13-тен 18-ге) өскен, оның 26-сы сотқа жолданып, 6 ақталатын негіздермен тоқтатылған. Бүгінгі күні халықтың көпшілігі дерлік мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деген алаяқтардың құрбаны болуда.
Мысалы, Сотталушы «Л» 2021 жылдың мамыр айынан тамыз айы аралығында алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкіне сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыру мақсатында, жәбірленуші «А» құзырлы органында жұмыс істеймін деп таныстырып, сеніміне кіріп жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021ж.ж. арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасынан бизнес жоспар жазып беру арқылы қайтарымсыз 5 000 000 теңге көлемінде жәрдемақы алып беретінін айтып, жәбірленушінің 50 000 теңгесін және Шымкент қаласынан жер учаскесін сатып алып беруге көмектесетінін, алдын өндіре алмай жүрген ақшаларын өндіріп беруге көмектесетінін айтып, сөздеріне сендіріп, бірнеше рет бөліп алып, жәбірленуші «А» жалпы 2 050 000 теңге материалдық залал келтіріп, алаяқтық жасаған.
Дәл осылай 16 жәбірленушінің алаяқтық жолмен алдап материалдық шығын келтірген.
Қылмыстың өтеуі – жаза болып табылады, сотпен аталған соталушы «Л» қатысты ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 3,4- тармақтарында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.