Шымкентте Buddha Spa орталығы ашылды

31

Шымкентте премиум сегментімен ерекшеленетін Buddha Spa орталығының үшінші филлиалы ашылды. Мұндағы заманауи интерьер мен жайлылық келушілерге демалыс үшін қажетті атмосфера сыйлайды. Орталықта массаждан бастап арнайы СПА бағдарламасына дейін барлық емдеу әдістері қарастырылған.

Бір сәтке күнделікті күйбең тірліктен үзіліс жасап, өзіңізге демалыс сыйлаңыз. Ол үшін сізге жаңадан ашылған премиум Buddha Spa орталығы көмекке келеді. Демалыс орны жан мен тән саулығы үшін арнайы массажбен емдеу әдістерінің түр-түрін ұсынады.

Раушан Құлакеева жаңа СПА орталығы туралы естіп, бірден осында демалуды жөн санапты. Ол Шымкентте жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейтін әрі жанға жайлылық беретін орталық ашылғанына қуанышты. Айтуынша, мұнда бір рет келген адам орталықтың тұрақты тұтынушысына айналады.

Раушан Құлакеева, Шымкент қаласының тұрғыны: «Мен қаламызда осындай керемет СПА-ның ашылғанына қуаныштымын. Мұнда бізге массаж жасатып, рахаттанып демалуымызға бар жағдай жасалған. Атмосфера өте ерекше. Бәрі заманауи технологиямен жабдықталған. Шымкенттіктерді бір рет болса да осында келіп, демалуға шақырамын».

Buddha Spa орталығы бірегей техникасы бар тай массажының бірнеше түрін және премиум косметиканы пайдалана отырып, дене мен бетке арналған сан алуан спа процедураларын ұсынады. Мұндағы жоғары білікті мамандар әрбір келушінің қалауына сай арнайы бағдарламалар әзірлеген. Олардың қай-қайсысы болмасын сізге терең релаксация мен ләззат атмосферасын толық сезінуге көмектеседі.

Самал Өтеген, Buddha Spa орталығының басқарушысы: «Шымкентте көптен күткен СПА орталығы ашылды . Бізде жетілдірілген арнайы СПА бағдарламалар мен Тайландтан келген кәсіби, жоғары білікті шеберлер бар. Сонымен қатар, бір және екі адамға арналған, әрі балаларға лайықталған СПА-профилактикалық процедуралары қарастырылған. Біз СПА қызметтерін, массаж, құрғақ және дымқыл бу және түрік хамамын ұсынамыз. Біздің мамандар өз жұмысын сүйіспеншілікпен жасайды, сондай-ақ біз сапалы әрі сәнді косметика қолданамыз».

Бұл Buddha Spa орталығының Шымкенттегі үшінші нүктесі, Астана қаласында да филиалдары бар. Ал алдағы уақытта Алматы қаласынан ашу жоспарланып отыр. Яғни, кәсіпкерлер үшін танымал Buddha Spa франшизасын сатып алу мүмкіндігі бар.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Нұрсат 173Б
Жазылу үшін байланыс нөмірі: +7 702 651 80 99
Instagram @buddhaspa_shymkent