Алдағы күндері +43 градусқа дейін ыстық күтілуде

51

Оңтүстік өңірде маусымның 1 мен 3 аралығында +37-ден +43 градусқа дейін ыстық күтіледі. Синоптиктер алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, Шымкентте 1-маусым күндіз ауа температурасы +32-34 градусты көрсетеді. Ал маусының екісі күні +37-ге дейін ыстық болса, 3 маусым ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Метеорологтар, оңтүстік ағынмен байланысты антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер ететінін айтады. Ал елдің батыс өңірі мен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі,-дейді синоптиктер.

Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы: «Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, күндізгі уақытта елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін жетеді»

Гүлдана Дәурен