Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды

77
Фото Стан.кз

Әділет министрлігінің мәліметі бойынша Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды.

«2021 жылы жоспарланған іс-әрекеттің салдарынан Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы бірқатар ірі активті қамтитын Jusan тобы шетелдік құзыретке шығарылған болатын. Қазақстан Үкіметі іс жүзінде топқа бақылау жасаудан айырылып қалды. Қазақстан Әділет министрлігінің өзге де мемлекеттік органдармен бірге қабылдаған іс-шараларының нәтижесінде Jusan тобы еліміздің құзыретіне қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды», – деп атап өтті ведомстводан.

Министрлік мәліметінше, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен Қазақстан заңнамасына сай жұмыс істейтін болады.

«Jusan Bank Қазақстанның білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыруға міндеттеме алды. Банк бұған дейін алған мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады. Мемлекет басшысының сыртқа шығарылған активтерді қайтару тапсырмасын жүзеге асыру жалғасады»,– делінген Әділет министрлігінің ақпаратында.