Ойынхана мен алкоголь өнімдерін шығаратын цехтардың жұмысы тоқтатылды

27
Тексеру барысында белгілі болғандай, казиноның негізгі «клиенттері» кәсіпкерлер болған

Бір жылда 110 заңсыз ойынхана мен алкоголь өнімін шығаратын 44 жасырын цехтің жұмысы тоқтатылды. Президентке есеп берген Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осылай деді.

Сондай-ақ ол жалған шот-фактуралар арқылы салықтан жалтаруға көмектесіп, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын 1 мыңнан астам фирманың қызметі тоқтатылғанын айтты.

Сонымен қатар,  29 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, зардап шеккен азаматтардың 8 миллиард теңге шығыны өтелгенін жеткізді. Жалпы құны 300 миллиард теңгеден асатын актив қайтарылған.