Шымкент алдағы жылыту маусымына дайындалуда. Егер сіз байқасаңыз, қалада тозған магистральдық құбырларды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ жылу жүйесін сығымдау жұмыстары қолға алынған. Осыған байланысты Нұрсәт және Тұран-1 шағынаудандарындағы ыстық су беру мамыр айының ортасында тоқтады. Нұрсәттегі 113 көпқабатты үйдің тұрғындары бір ай бойы ыстық сусыз отырды.
Асқар Бөлешов, «Қуатжылуорталық-3» МКК бөлім бастығы: «Ыстық суға қатысты, Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан қазандық бойынша магистральдық құбырларды сығымдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жөндеу жұмыстарына байланысты бір айға ыстық су өшірілді. Барлық жоспарланған жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілді, Ыстық су Нұрсәт пен Тұран-1 шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге 15 маусымда беріледі».