Шымкенттегі қай үйлерге орталықтандырылған жүйеден ыстық су берілмейді

78

1-ші сәуірде Шымкентте жылу беру маусымы аяқталды.

Жылу берушілер маусым барысында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Сала мамандары сонымен қатар, шахардың қай аумағындағы көпқабатты үйлерге ыстық су тоқтатылады және қай шағынаудандарды қамту жалағасатыны туралы хабарлады.

Алдағы 2022-2023 жылу беру маусымында орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған шахардағы  көпқабатты 218  үйге ыстық су беру тоқтатылды. Ыстық су жазғы мезгілде де берілмейді.
Асқар Бөлешов, «Қуатжылуорталық-3» МКК бөлім басшысы : «Қаладағы  16.17,18 , Солтүстік, Шығыс, Отырар шағынаудандарындағы көпқабатты үйлерге ыстық су  беру тоқтатылады. Тұрғындар қазірден бастап су жылытатын қондырғыларды орнатып алсын».

Дегенмен,  ыстық су қаладағы жаңа шағынаудандарда өшірілмейді. Мамандар жоспарлы жөндеу жұмыстарын Ораза айы аяқталғанда бастауды ұйғарыпты.

Асқар Бөлешов, «Қуатжылуорталық-3″ МКК бөлім басшысы:»Рамазан айында біз Шымсити, Тұран 1,2,  Ақжайық шағынаудандары мен Қонаев көшесі , Төлеметов  көшелері бойындағы көпқабатты үйлерге ыстық су беруді тоқтатпаймыз».

Жылу берушілер өткен жылу маусымда орын алған келеңісіздіктерден сабақ алып, оны қайталамаудың әрекетіне қазірден кірісті. Еліміздің оңтүстігінде сөнген электр жарығы орталықтандырылған жылу жүйесінің жұмысын тоқтатуға жақын болғанын шымкенттіктер ұмыта қойған жоқ. Осындай апатты жағдайларды болдырмау үшін «Қуатжылуорталығы-3″ мекемесі жылжымалы қуаты  200,400, 800 киловатты электр стансаларын сатып алды. Олар  жылу беру маусымында электр  жарығы сөнгенде қосылады».

Айта кетейік, биыл тозығы жеткен орамішілік жылу жүйелері және магистралды құбырларды жаңалау жоспарланып отыр