Қауіпсіздік шаралары: Қураған ағаштар мен бұтақтар кесілуде

43

Аптап ыстықта «ЛТД Тұрмыс» ЖШСнің жұмысшылары шаһар аумағындағы қураған бұтақтар мен ағаштарды кесіп жатыр. Бейбітшілік көшесіндегі мына қураған бұтақтар адамдарға қауіп төндіруде.

Біреудің басына түсіп кетпесін, электр желілерін үзбесін, өрт болмасын деген мақсатпен коммуналдық сала қызметкерлері кесіп, тазартуда. Дәл осындай жұмыстар Т. Айбергенов көшесінде де жүргізіледі. Онда бағдаршамның жанындағы ескірген бұтақтары қураған ағаш кесіледі. Коммуналшылар тұрғындардан темекінің қалдықтарын, шыны ыдыстарды кез келген жерге, әсіресе шөп бар жерге тастамауды сұранады. Ол үшін қоқыс жәшіктері барын ескертеді. Жаз мезгілінде өрт болу қауіпі бар жерлерде сақ болуға шақырады.