2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автокөліктерді бірреттік заңдастыру науқанының аяқталуына 2 апта қалды .
Яғни, 1-шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайды.
Алайда, 1 шілдеге дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы беріледі.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады.