«Шымкент-ситиде» жаңа «Қазпошта» іске қосылды

58

Шымкентте «Қазпоштаның» 32 – ші бөлімі ашылды. «Шымсити» шағын ауданында бой көтерген бұл кеңсе енді Асар, Бозарық, Достық, Қайнарбұлақ, «Шымкент сити», Тұран және Қайтпас 2 аймағының тұрғындарына қажетті қызмет түрлерін көрсететін болады. Жергілікті бұқара енді пошта қызметін қала орталығына сабылмай-ақ осы жерден алады.

Бүгіннен бастап Қымбат Көбеева пошталық қызметтерді үйінен алыстамай ақ алатын болады. «Шымкенсити» шағынауданының тұрғыны бұл кеңсенің дәл өзінің үйінің жанында ашылғанына дән риза. Осы күнге дейін пошталық қызметтерді қала орталығында мекемелерден алған.

Қымбат Көбеева, «Шымкент – сити» шағынауданының тұрғыны: «Бізге «Қазпошта» өте алыс еді. Мынау Асарда болатын баяғыда. Біз көшіп келген жылы. Қазір енді Нұрсәтке барып жүрген едік.Өзімізде де ашылды. Мен өзім колледжде жұмыс істеймін. Осы «Қазпошта» мамандығы бойынша мастермін. Осы жерде топтарды практиканттарды аламыз. Осы біздің ауданда оқитын студенттерді де жақсы болды. Практикаға осы жерге жіберіп отыратын боламын».

Пошталық қызметке жөнелтілімдер жіберу, республика бойынша қомақты және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, жедел пошта, газет-журналға жазылуды рәсімдеу, коммуналдық және төлем карталарын рәсімдеу жатады. Аудан тұрғындары енді хат-хабарды мерзімінде алып, ұзақ жол жүрмей пошталық-қаржылық қызметтің шарапатын көрмек.

Бағдат Есенбаев, «Шымкент почтамты» филиалының сату бөлімі басшысы

«Шымсити» мөлтек ауданында бөлімше ашу жоспарланған болатын. «Қазпоштаның» барлық қызмет түрін өз деңгейінде көрсетуге дайынбыз деп ойлаймын. Бұл аумақта Асар, Асар 2, Бозарық, Достық, Достық 2, Қайнарбұлақ, Тұран, Қайтпас 2 елдімекендерінде қазіргі таңда 100 мыңнан астам халық тұрады. Яғни «Қазпошта» қызметінің сұранысы жоғары».

Айта кетейік, қазіргі таңда қала бойынша «Қазпоштаның» 32 бөлімшесі бар. Онда бас-аяғы 250-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Ал орталық «Қазпошта» Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан.