Жаздың алғашқы күндері 9 адам суға батқан

32
жаз жайнатып, күн кйдіріп...
жаз жайнатып, күн кйдіріп...

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды. Жаз басталмай жатып, біраз адам суға батқан. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, биылғы жаз ыстық болады. Әсіресе, батыс пен шығыста, сондай-ақ оңтүстікте аптап ыстық көпке дейін сақталады деген болжам бар.

Ондайда суға түсетіндердің саны күрт өседі. Қазірдің өзінде жаз басталмай жатып, қаза тапқандардың саны аз емес. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша жаздың бірінші күні ғана 4 адам суға кетті.
«Алдыңғы күні бір күнде 9 адам суға батып, 3 адамның денесі әлі табылған жоқ. Кеше тағы 4 адам суға батып кетті. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде орын алған. Бұл – шынымен де алаңдатарлық жағдай», — деді Смайылов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ресми мәлімтке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 300-ге жуық адам суға кетіп, қайтыс болады. Олардың 100-ге жуығы – балалар. Осының өзі қолға алынып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Ал кейбір әкімдіктер судағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі шаралар атқармай жатыр.
«Мәселен, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында осы уақытқа дейін шомылуға рұқсат етілген арнайы орындар белгіленбеген. Ал Қызылорда облысында бүкіл өңір халқы үшін арнайы белгіленген 4-ақ орын бар. Сонымен қатар, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының маңындағы көптеген жекеменшік жағажайлар ресми тіркелмеген», — деп атап көрсетті Смайылов.
Үкімет басшысы суға шомылуға арналған қауіпсіз орындарды белгілеу шараларын күшейтуді тапсырды. Әсіресе, ауылдық жерлерге баса назар аудару керек. Себебі суға батқандардың басым көпшілігі, яғни 60-70 проценті ауыл тұрғындары болып отыр.