Жеңіл автокөлік толығымен жанып кетті

31

Шымкенттегі Абай даңғылы және Ю. Гагарин көшелерінің қиылысында «Hyndai Sonata» маркалы жеңіл автокөлігі толығымен, құжаттарымен бірге өртеніп кетті. Өрт 8 минутта толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды.