Аптап ыстық апта бойы сақталады

33

Шымкентте апта бойы аптап ыстық сақталады.Синоптиктер күндізгі ауа температурасы + 43 градусқа дейін көтеріледі дейді. Осыған байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық деңгейіне ауыстырылды.

Махамбет Маратов, «Казгидромет» РМК инженер-синоптигі: «11 шілде біршама күн бұлтты, жауын-шашынсыз деп күтілуде. Температура түнде + 21, +23, күндіз +37,+39 градусты көрсетеді. 12 шілде түнде ауа температурасы +25,+27, күндіз +38,+40 градус. 13 шілде түнде +25,+27, ал күндіз +39,+41 градусты көрсетеді».

Мұндай аптап ыстықта суды көп ішіп, күн көзінен қорғанып, барынша көлеңкелі жерде жүру артық етпейді. Сонымен қатар, мамандар салқындану үшін кондиционердің астында ұзақ отырудың орнына, контрасты душ қабылдаудың пайдасы мол екенін айтады.