Бастауыш сынып оқушыларын қандай өзгеріс күтіп тұр?

173
Шымкент. Бірінші сынып
Шымкент. Бірінші сынып

 Бастауыш сынып оқушыларын алдағы  жаңа оқу жылында қандай өзгерістер күтіп тұр. 2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-ші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-ші сыныптан бастап оқытылады», – делінген хабарламада.
Ал орыс тілінде оқытатын сыныптарда 1-сынып оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқиды.
«Шет тілі» пәні 1-2-сыныптарда емес, 3-ші сыныптан бастап оқытылады.
«Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», – деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.