Қазақстан үкіметі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.
Жоспарды қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірледі. Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды көздейді. Сонымен қатар 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. 2022 жылы бұл көрсеткіш 6,7%-ды құрады.